Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

60 адамға құдалық ұйымдастырған түркістандықтар жауапқа тартылды

Түркістан облысының полицейлері карантин талаптарын бұзғандарды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан ҚПБ-ның кезекші бөліміне қала аумағында орналасқан мейрамханалардың бірінде ұжымдық іс-шара өтіп жатқандығы жөнінде хабарлама келіп түскен. Осы оқиғаның негізінде учаскелік полиция инспекторлары аталған мейрамханаға барған. Ол жерде 60 адамның жиналып, құдалық тойын өткізіп жатқандығы анықталған.
Учаскелік полицейлер мейрамхана иесі мен құдалық тойын ұйымдастырушысына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша іс-құжаттарды жинақтап, заңды шешім қабылдау үшін, Түркістан қалалық СЭББ-ға жолдады.

Сонымен қатар карантин талаптарын қадағалау мақсатында жүргізілген рейд барысында, Түркістан қаласында орналасқан азық-түлік дүкенінің иесі медициналық бетпердесіз тұрғындарға сауда жасап тұрғандығы анықталды. Дүкен иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша іс-құжаттар жинақталып, СЭББ-ға жолданды.

Осы тұста естеріңізге сала кетсек, карантин режимі әлі де жалғасуда. Сондықтан мейілінше үйден шықпай, адам көп шоғырланған аймақтарға барудан бас тартыңыздар. Қолдарыңызды жиі жуып, медициналық бетперде тағып жүруге кеңес береміз. Өз өміріңіз – өз қолыңызда!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру