Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Келесте 35 келі заңсыз балық аулаған 5 азамат анықталды

Түркістан облысның полицейлері 35 келі заңсыз балық аулаған бес азаматты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Келес АПБ ЖПҚ УПИ қызметкерлерімен бірлесіп, Келес АПБ ЖПҚ Табиғатты қорғау тобының инспекторы полиция капитаны Жанболат Сапарбаев табиғатты қорғау мақсатында рейд жүргізген болатын. Сол сәтте күндізгі сағат 15:00 шамасында Келес ауданы Бірлік ауылдық округінің батыс бөлігінде Сырдария өзенінің жағасында қайықтарымен тор құрып, заңсыз балық аулап жүрген бес азаматты ұстады. Олардан жалпы салмағы 35 кг балық, бір дана қайық, бір дана балық аулауға арналған тор тәркіледі. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырып, жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарды ҚР заңнамасын бұзбауға және табиғатқа жанашарлықпен қарауға шақырады. Сондай-ақ тәртіп сақшылары браконьерлік немесе өзге де экологиялық құқық бұзушылықтар жағдайында әкімшілік қана емес, қылмыстық жауапкершілік те қарастырылғанын еске салады. Егер, сіз, осындай қылмыстардың куәгері болсаңыз, тез арада полицияға, “102” нөміріне хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру