60 жастағы ақтөбелік жалған банк қызметкеріне 22 млн теңгесін беріп қойды
60 жастағы ақтөбелік жалған банк қызметкеріне 22 млн теңгесін беріп қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
30 мамыр күні әйел адамға банк қызметкері болып танысқан ер адам қоңырау шалған. Алаяқ мұндай операция банк жүйесінде қалыпты екенін айтып, шотты қауіпсіздендіру үшін телефонға келген SMS-хабарламадағы кодты айтуын сұрайды. Кодты алғаннан кейін алаяқ бүкіл ақшаны жәбірленушінің картасынан басқа банктік шотқа аударып алған. Жалпы шығын 22 млн теңгеден асты.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлімімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицейлер күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында іс-шаралар жүргізуде.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті алаяқтық жағдайларының алдын алу үшін ешкімге, тіпті банк қызметкеріне де жеке шоттары мен карталарына қатысты SMS-код және басқа да дербес ақпаратты айтуға болмайтынын ескертеді.