Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жеңіл көліктің мас жүргізушісі жүк көлігімен соқтығысты

Ақтөбе облысында жеңіл көліктің мас жүргізушісі жүк көлігімен соқтығысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 маусымда Ваз-21010 автокөлігінің 44 жастағы жүргізушісі Ақтөбе – Астрахань автожолымен жүріп келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Shacman жүк көлігімен соқтығысуға жол берді.

Назар аударыңыз, видеода әдепсіз сөздер айтылған!

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі Алға қаласының орталық ауруханасына жеткізілді. Ваз-21010 автокөлігінің жүргізушісі көлік құралын “орташа дәрежеде” мас күйінде жүргізгені анықталды.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті көлік жүргізушілерін мас күйінде көлік жүргізбеуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру