Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында тракторды мас күйде басқарған ер адам ұсталды

Павлодар облысында тракторды мас күйде басқарған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бірнеше күн бұрын Успен ауданының полицейлері аумақты патрульдеу кезінде ауыл жолының бойымен келе жатқан тракторды байқады, көлік не бір жаққа соқтығысып, сосын жылдамдығын арттырып, қайта бәсеңдетеді. Сондықтан тәртіп сақшылары тракторшыны тоқтатты. Алкогольдің өткір иісі оның қандай жағдайда екенін білдіртті.

Белгілі болғандай, даладағы жұмыс күнінен кейін ол ішімдік ішкен, содан кейін үйге бет алды.

– Медициналық куәландыру оның “орташа дәрежедегі” алкогольдік масаңдығын көрсетті, ауыл тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Трактор айып тұрағына қойылды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сот тәртіп бұзушыны он бес тәулікке әкімшілік қамауға алды және жеті жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру