60 жастағы семейлік бизнес серіктесінен қарыз алып, қашып жүрген
60 жастағы семейлік бизнес серіктесінен қарыз алып, қашып жүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көші-қон полициясы басқармасы жұмысының негізгі бағыттарының бірі – алимент төлеуден жалтарғандар мен борышкерлерді іздестіру.
Мәселен, қараша айында Семей қаласы Полиция басқармасының көші-қон қызметі бөліміне жеке сот орындаушысының 60 жастағы бизнес серіктесінің пайдасына шамамен 3,5 млн. теңге қарызды өндіріп алу туралы қаулысы келіп түсті. Ер адам ақшаны қарызға алып, белгіленген мерзімде қайтармағаны белгілі болды.
Борышкерге іздеу жариялағаннан кейін көші-қон қызметінің қызметкерлері оны төрт күн ішінде Алматы облысында тұрып жатқандығын анықтады. Енді қарызды өндіріп алумен сот орындаушылары айналысуда.
ШҚО ПД көші-қон қызметі атқару құжатын орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік және ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.