Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҰҚШҰ елдерінің есірткіге қарсы ведомстволары басшыларының кездесуінде есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл талқыланды

ҰҚШҰ елдерінің есірткіге қарсы ведомстволары басшыларының кездесуінде есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасының төрағалығымен бейнеконференцбайланыс режимінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттердің есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі құзыретті органдар басшыларының үйлестіру кеңесінің 23-ші отырысы өтті. Отырысқа Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресейдің есірткіге қарсы құрылымдарының басшылары қатысты.

Кеңес барысында Үйлестіру кеңесінің қатысушылары 2021 жылғы ынтымақтастықты қорытындылап, одан әрі өзара іс-қимыл жолдарын белгіледі.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров өз сөзінде өңірдегі “Ауған апиындары” экспортының жоғары өсу ықтималдығына байланысты ҰҚШҰ-ға мүше елдердің қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін өткір проблемалардың бірі ретінде Ауғанстандағы жағдайға баса назар аударды.

ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің 2021-2025 жылдарға арналған Есірткіге қарсы стратегиясын іске асыру барысы талқыланды. Ағымдағы жылдың маусым айында өткізілген “Канал – Гранит бастион” субөңірлік есірткіге қарсы операциясының нәтижелеріне жоғары баға берілді, арнайы операция Орталық Азия елдері арқылы өтетін Ауған апиындары транзитінің “Солтүстік бағытында”, сондай-ақ Кавказ-Қара теңіз бағытында және ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер шекараларының басқа да учаскелерінде өтті.

Бірлескен жұмыс нәтижесінде заңсыз айналымнан 773 есірткі қылмысы анықталды, оларды жасағаны үшін 491 адам ұсталды. 5,5 тоннадан астам есірткі, оның ішінде 4,8 келі апиын, 13 келі гашиш, 12 келі героин, 5 тонна 188 келі марихуана, 22 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді.

БҰҰ-ның үш базалық конвенциясы негізінде және психобелсенді заттардың жекелеген түрлерін заңдастыруға қарсы Есірткіні бақылау саласындағы қолданыстағы халықаралық-құқықтық режимді нығайту туралы келісілген пікір қабылданды.

2022 жылы ҰҚШҰ аясындағы ынтымақтастық бағыттарының бірі ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды пайдалану және интернет желісінде есірткіні насихаттау заңсыз есірткі саудасына қарсы бірлескен іс-қимыл болып белгіленді.

2022 жылы “Канал” есірткіге қарсы операциясының үш кезеңін: Қырғыз Республикасында Халықаралық үйлестіру штабын орналастыра отырып, Канал-Екінші тосқауыл”; Ресей Федерациясында “Канал-Невский қалқан”, Беларусь Республикасында “Канал – Неман” өткізу туралы келісілген шешім қабылданды.

Сондай-ақ оқыңыздар
  1. […] НҰР-СҰЛТАН, 04 желтоқсан. ҰҚШҰ елдерінің есірткіге қарсы ведомстволары басшыларының кездесуінде есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz. […]

Жауап қалдыру