Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасынан 4 адам зардап шекті

Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасынан төрт адам зардап шекті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 2 желтоқсан сағат 10:02-де Daewoo Nexia маркалы автокөлігінің жүргізушісі Хромтау қаласы жағынан Ақтөбе қаласы бағытында Ақжар кентінің маңында “Самара-Шымкент” автожолының 810 шақырымында басып озу маневрі кезінде қарама-қарсы бағытта келе жатқан ВАЗ-2107 көлігімен соқтығысқан. Daewoo Nexia автокөлігі соққыдан кейін қозғалыс бағытын өзгертіп, Беларусь Республикасы азаматының басқаруындағы DAF XF жүк көлігіне соққан.
ЖКО нәтижесінде жеңіл автокөліктердің екі жүргізушісі мен екі жолаушысы Хромтау қаласының орталық ауруханасына жатқызылды.

Басып озу маневрі кезінде автокөлік жүргізушісі жол қозғалысының басқа қатысушыларына кедергі келтірмейтіндігіне назар аудару қажет.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын жүріс бөлігіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру