7 571 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды
Шымкентте «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы қорытындыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Биылғы жылдың 23-30 қарашасы аралығында қала аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Оның мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау және қамтамасыз ету, көшелер мен қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және жолын кесу.
Іс-шара аясында барлығы 7 571 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде, ұсақ бұзақылықтың 1 076 дерегі, тыныштықты бұзудың 656 дерегі, қоғамдық орындарда мас күйде болу немесе спирттік ішімдік ішудің 1 214 дерегі, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуының 656 дерегі, ҚР тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұрудың 1 822 дерегі, көлiк құралдарымен жүру кезiнде қауiпсiздiк белдіктерiн пайдаланбаудың 747 дерегі, жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуының 1 219 дерегі және тағы да басқа құқық бұзушылықтар бар.