Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тойханада құдалық өткізгендер анықталды

Шымкент қаласының Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері мен аудандық әкімдік өкілдерінен жасақталған мобильді топ рейдтік іс-шаралар өткізуді жалғастыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аудан аумағында өткізілген рейдтік іс-шаралар барысында Желтоқсан көшесі бойында орналасқан “Дильназ” дәмханасында садақа өткізіліп жатқаны және Тәуке хан даңғылындағы “Коно” қонақ үйінде 40 адамға құдалық ұйымдастырылғаны анықталды.

Сондай-ақ құрамында полицейлер бар мобильді топ өкілдері Сайрам көшесі бойында орналасқан “Loto club” ойын клубының жұмыс істеп тұрғанын  анықтаған.

Полицейлер аталған жайттарға қатысты карантин талаптарын бұзған азаматтарға ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша хаттама толтырды. Жинақталған құжаттар Еңбекші аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру