Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бұрын сотты болған адамның 7 ұрлыққа қатысы бары анықталды

Түркістан облысының полицейлері бірнеше ұрлыққа қатысы бар деген күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам аудандық полиция бөлімшесіне бірнеше жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, көше бойында орналасқан дүкенінің ішіне белгісіз біреулер сыртқы есігін
бұзып кіріп, ерлердің джинсы шалбары мен спорттық киімдерді, шоколад, темекіні және 80 мың теңгенің ұялы телефонын ұрлап кеткенін көрсетеді. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын – 200 мыңға шықты.

Аталған жайт сотқа дейінгітергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабымен тіркелді.

Келесі тұрғын болса, үйінің алдында тұрған көлігінің есіктері құлыптанбай тұрғанын пайдаланған күдіктілер автокөлік ішінен ақшасын, флешкасын ұрлап 10 000 теңге шығын келтіргенін жеткізді.

Үшінші тұрғын да осындай қылмыстың құрбаны болған. Бұл жолы ұры оның көлігіндегі 140 000 теңге тұратын ұялы телефонын жымқырып кеткен.

Одан басқа да шағымданушы тұрғынның айтуынша, ұры шағымданушының мекемесіне жасырын кіріп, фабриканың ауласынан 35 000 теңге тұратын темірлерін ұрлап кеткен.

Сайрам аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері орын алған ұрлық қылмыстарын ашу
мақсатында жедел-тергеу тобын құрды. Шұғыл әрекетке көшкен тәжірибелі тәртіп сақшылары қажетті шараларды іске асырды. Қылмысты ашып, күдіктіні ұстау мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Жинақталған ақпарат көздері нәтижесінде күдіктінің жеке-басы анықталып, кінәлі ер адам тұрғын үйі маңынан ұсталды. Оның жергілікті тұрғын, бұрын сотты болғаны анықталды. Ол өз кінәсін толық мойындады.

Тергеу барысында күдіктінің бірнеше мәрте жасалған ұрлық қылмысын бір өзі жасағаны белгілі болды.Тексеру барысында барлығы жеті ұрлық жайтына қатысы бары анықталды.

Ұрлаған бөтеннің мүліктерін сатып, ақшасын өз қажеттілігіне жаратқан болып шықты. Айғақты заттар тәркіленіп алынып, заңды иелеріне қайтарылды. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға өз мал-мүліктеріңізге сақ болыңыздар деп ескертеді. Аулаңызға бейнебақылау камераларын, дабылқаққыштарды орнатыңыздар.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру