Қарағандылық 74 дана шоколад ұрлап кетті
Ер адам Қарағанды қаласындағы супермаркеттердің бірінен 74 дана шоколадты ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды қаласының ПБ Октябрь полиция бөліміне супермаркеттердің бірінің өкілі жүгінген. Ол, белгісіз адам 74 дана шоколад ұрлығын жасалғандығын хабарлады. Келтірілген шығын мөлшері шамамен – 10 мың теңге.
Полицейлер бірінші кезекте сауда ұйымы ғимаратына орнатылған бейнекамера жазбасын қарады. Олар 24 сәуірде түсірілген кадрларға назар аударды. Онда белгісіз ер адам кондитерлік заттар бөлімінің жанында қалтасына шоколад тәттілерін салғаны көрінді. Сонымен қатар, шамамен екі сағат өткен соң, ол осы жерде қайта пайда болып және өзінің әрекетін қайта қайталайды.
Бейнежазбалар бойынша құқық қорғау органдары 42 жастағы құқық бұзушыны анықтады. Күдікті кінәсін мойындады.
ҚР ҚК 187-бабы (Ұсақ ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.