Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтеді

2021 жылғы 30 сәуірде сағат 10.00-ден бастап сағат 13.00-ге дейін Павлодар қаласының “Каустик” АҚ аумағында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқу-жаттығуды мемлекеттік, құқық қорғау және арнайы органдардың террористік көріністерге шұғыл ден қою, терроризм актісінің салдарларын барынша азайту және жою жөніндегі міндеттерді орындауға күштері мен құралдарының практикалық дағдыларын пысықтау мақсатында терроризмге қарсы күрес жөніндегі Павлодар облыстық жедел штабы өткізеді.

Оқу-жаттығу жауынгерлік жағдайларға барынша жақындатылған. “Каустик” АҚ ауданында көрсетілген уақытта автокөлік қозғалысы шектеледі. Осыған байланысты азаматтардан өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Павлодар қаласының тұрғындары мен қонақтарын өткізілетін оқу іс-шараларына түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және оқу-жаттығуға жұмылдырылған мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тексерілмеген ақпаратты немесе фото-бейне суреттерді жариялаудан бас тартуға шақырамыз. Естеріңізге сала кетейік, бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, біле тұра жалған ақпарат тарату Қазақстан Республикасы ҚК-нің 274-бабына сәйкес заң бойынша қудаланады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру