Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда қоғамдық орында мас күйде жүрген тұрғындар жауапқа тартылуда

Атыраулық полицейлер жыл басынан бері қоғамдық орында мас күйде жүрген 700-ге жуық адамды анықтаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан қоғамдық орындарда масаң күйде жүрген 700-ге жуық адам анықталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабымен әкімшілік хаттамалар толтырылды.

– Атырау аумағында қоғамдық орындарда патрульдік полиция қызметкерлері халық көп шоғырланатын жерлерде, яғни жайық жағалауында, саябақтарда, балалар ойын алаңдарында, көп қабатты үйлердің аулаларында күнделікті жаяу патрульдеу жұмыстарын күшейтуде. Мақсаты – ішімдік ішіп, мас күйде жүру және ортақ пайдаланатын орындарды ластау фактілерінің алдын алу – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Одан басқа, ортақ пайдаланатын орындарды ластаған 1 200-ге жуық әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабымен әкімшілік хаттамалар жасақталды.

Мысалы, 28 сәуір Сырым Датов көшесі, 13 үйдің тұсында жаяу патруль әкімшілік аумақты аралау барысында 1968 және 1965 жылы туған қала тұрғындарын қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішіп, ортақ пайдаланатын орынды ластағанын анықтады.

Аталған азаматтар медициналық сараптаманың қорытындысымен орта дәрежелі мас күйде екендігі анықталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігімен (Қоғамдық орында адамның қадір-қасиетіне және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйінде жүру немесе алкогольдік ішімдік ішу) және ҚР ӘҚБтК 434-2-бабының 1-бөлігімен (Ортақ пайдаланатын орынды ластау) әкімшілік хаттамалар жасақталып, әр қайсысына 29 170 тенгеден айыппұл салынды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру