Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда күніне 2 мыңнан астам полицей құқықтық тәртіпті қамтамасыз етеді

Алматыда күніне екі мыңнан астам полицей құқықтық тәртіпті қамтамасыз етеді, – деп хаарлайды Polisia.kz.

Алматыда қоғамдық тәртіпті күзетуге екі мыңнан астам полиция қызметкерлері мен ҚР ІІМ Ұлттық ұланы әскери қызметшілері кіріседі. Олар 550 патрульдік: 300 автокөлік және 250 жаяу бағыттарды жауып тастайды.

– Сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге көмек көрсететін бір қоғамдық қалыптастыру мен түрлі ұйымдардың жеті ұжымы белсенді қатысуда. Олардың қатысуымен ағымдағы жылдың үш айында 42 қылмыстың беті ашылды, 2 мың 757 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Жедел жағдайды қадағалау, қоғамдық тәртіпті күзету, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ қалада құқық бұзушылықтардың алдын-алу және ашу үшін 121 мың 860 бейнебақылау камералары қолданылады, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Алматы қалалық Полиция департаменті жедел басқару Орталығының бастығы Андрей Квашниннің айтуынша, құқық бұзушылықтардың алдын-алуда, болған оқиғаға жедел әрекет ету, қылмыстарды ашу, қоғамдық орындарда және азаматтардың жаппай баратын жерлерінде бейнебақылау жүйесін дамыту маңызды рөл атқарады.

– Тәжірибе көрсеткендей, қылмыстық элемент пен қоғамдық тәртіпті бұзушылар бейнекамералардан аулақ болады, бейнежазба неғұрлым жақсы болса, қала қауіпсіз болады. Қазіргі уақытта қала Әкімдігінің қолдауымен “Алматы қаласының бейнебақылау жүйелері” жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында қалада бір мың цифрлық бейнекамера орнатылды, оның 120-сы күзеттік бейне-талдау функциясымен. Жоба Мониторинг орталығын құруды, кез-келген бейнекамералардан ақпараттар шығару үшін жедел басқару Орталығының мүмкіндіктерін кеңейтуді, сондай-ақ, бейнекамералар түсірген оқиғаларды тіркеуді ЖБО бағдарламалық жасақтамасын жетілдіруді көздейді. “Адамдар көп жиналатын орындарға арналған бейнебақылау жүйесі” жобасын іске асыру барысында ПД ЖБО заманауи бағдарламалық қамтамасыздандырумен қамтамасыз етіледі, ол әртүрлі бейнебақылау жүйелерінен дабылдарды автоматты режимде қабылдауға және өңдеуге мүмкіндік береді, бұл қауіпсіздік талдауы функцияларын дамытады және қолданыстағы бейнекамераларды жедел басқару Орталығына біріктіруге максималды мүмкіндік береді, – деп атап өтті Квашнин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру