Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

8 солтүстікқазақстандық билік өкіліне қатысты күш қолданғаны үшін жауапқа тартылды

Сегіз солтүстікқазақстандық билік өкіліне қатысты күш қолданғаны үшін жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Билік өкіліне қатысты күш қолдану – бұны, тәжірибе көрсеткендей, көбінесе құқық бұзушылар алкогольдік ішімдіктің салдарынан жасайды. Мұндай жәйттермен учаскелік полиция инспекторлары күнделікті қызмет барысында бетпе-бет келіп жатады. Маусым айында Петропавлда сот үкімі күшіне еніп, оған сәйкес 32 жастағы қала тұрғынына екі жылға бас бостандығын шектеу жазасы кесілді. Наурыз айында маскүнем ер адам Мичурин көшесіндегі жанжалға қатысты шақырту бойынша келген учаскелік инспекторлармен жанжалдасып, сынған бөтелкемен полицейлерге қарсы шығып, содан кейін кеңсе пышағымен полицейлердің біріне дене жарақатын келтірген. Жанжалқойға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабы (Билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша айып тағылды.

– Бұл қылмыс қоғамдық тәртіп үшін үлкен қауіп болып табылады, сондықтан күдіктілерге қатысты қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы ғана қолданылады, – деп баса айтты Солтүстік Қазақстан облысы ПД бастығының орынбасары Еңбек Сембин. – Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабының санкциясына сәйкес өмір мен денсаулыққа қауіпті емес күш қолданғаны үшін ең төменгі жаза – үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл, ең жоғары жаза – үш  жылға бас бостандығынан айыру көзделген. Өмірге және денсаулыққа қауіпті күш қолданған жағдайда 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы беріледі. Жазаның ауырлығы қылмыстың қауіптілік деңгейіне байланысты. Полицейлердің заңды талаптарын орындау әр азаматтың міндеті екенін түсіну керек.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында құқықтық тәртіпті сақтаушыларға қатысты күш қолданудың 11 фактісі тіркелді, олардың 8-і қазіргі уақытта сотқа жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру