8 жастағы бала Тамды өзеніне батып кетті
8 жастағы бала Тамды өзеніне батып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
10 шілде күні Ақтөбе облысы Алға ауданында қайғылы оқиға орын алды. Ата-анасымен бірге жүрген бала Тамды өзеніне батып кеткен. ТЖД қызметкерлері 2.5 метр тереңдіктен 8 жасар баланың мәйітін алып шықты.
Жыл басынан бері Ақтөбе облысында 4 бала суға батып кеткен. Ақтөбе облысының полицейлері суға шомылу маусымында қауіпсіздік ережелерін сақтауды еске салады.