Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Демалыс күндері Ақтөбеде екі жол-көлік оқиғасы орын алды

Демалыс күндері Ақтөбеде екі жол-көлік оқиғасы орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 шілде күні Lada Granta автокөлігінің 41 жастағы жүргізушісі Қонаев көшесі бойында 27 жастағы ақтөбеліктің басқаруындағы Motrac мотоциклімен соқтығысқан. ЖКО нәтижесінде мотоцикл жүргізушісі ауруханаға жатқызылды.

Тағы бір оқиға сол күні Ломоносов көшесінде болды. Кәмелетке толмаған жүргізуші мопедті басқара отырып, бұл маневр қауіпсіз болатынына көз жеткізбей, Hyundai Solaris автокөлігіне соққан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан мопедті басқарған кәмелетке толмаған бала Ақтөбе қаласының медициналық жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін қарастырылған жауапкершілік туралы тағы да ескертеді, сондай-ақ мотокөлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады. Мотоциклді мотошлеммен айдау керек, ол жолаушыда да болуы керек. Осы үлгідегі көлік құралдарымен жүру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жол жағдайын бақылап, белгіленген жылдамдықты шамадан тыс асырмау және қауіпті маневрлерден аулақ болу керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру