Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде пробация есебінде тұрған жасөспірімге әлеуметтік көмек көрсетілді

Ақтөбеде пробация есебінде тұрған жасөспірімге әлеуметтік көмек көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Пробация қызметі – қылмыстық жазалардың қоғамнан оқшауланбай-ақ орындалуын қамтамасыз ететін қылмыстық атқару жүйесінің органы. Пробацияның түрлеріне байланысты заң оның төрт түрін ажыратады. Соның бірі сотқа дейінгі пробация – күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқын түзеуге бағытталған, оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жөніндегі қызмет пен атқарылатын шаралар жиынтығы.

Сотқа дейінгі пробацияға жататын санаттағылардың бірі – кәмелеттік жасқа толмаған балалар. ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша күдікті деп танылып, Хромтау аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған 17 жастағы С. А- ға қатысты сотқа дейінгі пробация қызметі жүргізілуде.

Кәмелет жасына толмаған күдікті С. А. пробация қызметіне қойылған күннен бастап, өзінің қажеттілігіне байланысты оған пробация қызметі тарапынан әлеуметтік көмек бағдарламасы жасақталып, нәтижесінде: медициналық көмек, психолог маманының кеңесі, түрлі психо-диагностикалық тестілеулер өткізілді. Сонымен қатар, күдікті жасөспірім пробация қызметкерлерінің ықпалымен “Жасыл Ел” жобасы бойынша жұмысқа орналастырылып, жастар ресурсы орталығына ерікті жас ретінде тіркелді. Ал, күдіктінің анасы Хромтау ауданы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорына үйге мұқтаж азаматтар тізіміне көпбалалы отбасы ретінде кезекке қойылды.

Хромтау аудандық пробация қызметкерлерінің айтуынша, жасөспірім күдікті С. А.-ға қатысты қолданылып жатқан сотқа дейінгі пробация барысындағы тиісті шаралар өз кезегінде айыпталушыға сабақ болып, оның қоғамға бейімделуіне және қайта қылмыстың алдын алуға, болдырмауға көмектеседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру