Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбенің түзеу мекемесінде “Қақпа алдында кездесу” іс-шарасы ұйымдастырылды

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты КА-168/2 түзеу мекемесінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған сотталған азамат үшін “Қақпа алдында кездесу” іс-шарасы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, бостандыққа шыққан жазасын өтеуші В. түзеу мекемесінен жақсы мінез-құлқы және мекеменің ішкі тәртіп ережелерін сақтағандығы үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. Алайда сотталғанның отбасы және ата-анасы болмағандықтан, оған жан-жақты қолдау өте қажет болды. Осыны ескерген мекеменің тәрбие бөлімі қызметкерлері сотталғанның қоғамға тез бейімделуіне қолдау мақсатында іс-шараға Ақтөбе қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығының мамандарын шақырды.

Жұмыспен қамту орталығының мамандары түзеу мекемесінен босатылған азаматқа көрсетілетін бірқатар қызметтерді ұсынды. Оның ішінде қысқа мерзімді қайта даярлау курсына, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына (тұрақты және уақытша жұмыс орыдарына) жолдау және біржолғы әлеуметтік көмек алу туралы және қажетті құжаттар тізімі болды.

Айта кету керек, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты КА-168/2 түзеу мекемесі күні бүгінге дейін жергілікті жердегі Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығымен әріптестікте, тұрақты түрде бірлескен нәтижелі іс-шараларды ұйымдастырып келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру