Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбедегі түзеу мекемесінде жазғы спартакиада басталды

Ақтөбедегі түзеу мекемесінде жазғы спартакиада басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты КА-168/2 түзеу мекемесіндегі жазасын өтеуші сотталғандар арасында жыл сайынғы түрлі спорт түрлерінен жазғы спартакиада басталды.

Мекеме әкімшілігінің айтуынша, аталған спартакиада түзеу мекемелеріндегі сотталғандардың салауатты өмір салтына ынталандыру және дамыту, сотталғандар арасында моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

– Спартакиада барысында бұған дейін жасақтар арасында жеңіл атлетикадан жарыстар өткізілді, яғни 100 метр қашықтықа жүгіру, арқан тарту, турникке тартылу, армреслинг, гір көтеру, брусьяға тартылу. Алдағы уақытта үстел теннисінен, шағын футболдан, шахмат, дойбы ойнау секілді жасақтар арасында түрлі спорт түрлерінен жарыстар өткізіледі, – дейді КА-168/2 мекеме бастығының орынбасары Қанат Макатов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру