Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Арыстанғани Заппаров Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы қызметіне тағайындалды

Арыстанғани Заппаров Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Президент Әкімшілігімен келісе отырып, Арыстанғани Заппаров Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы қызметіне тағайындалды.

Жеке құрамға Полиция департаментінің жаңа басшысын ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сөнтаев таныстырды.

А.Заппаров 1969 жылы туған. Ішкі істер органдарында 1993 жылдан бастап қызмет етеді.
Басшылық қызметте үлкен тәжірибесі бар.

2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.

2022 жылдың қаңтарынан бастап Алматы облысының Полиция департаментін басқарды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру