Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай полициясы жол қозғалысы ережелерін 600-ге жуық бұзушылығын анықтады

Қостанай полициясы жол қозғалысы ережелерін 600-ге жуық бұзушылығын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қауіпсіз жол” алдын-алу іс-шарасы өткізілген екі күн ішінде облыс полициясы жол қозғалысы ережелерін 600-ге жуық бұзушылығын анықтады. Бір ай бойы полиция қызметкерлері республикалық және облыстық маңызы бар жолдарды қарқынды түрде күзетеді. Жедел алдын алу іс-шарасы барысында 8 жүргізуші мас күйінде автокөлік құралын басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Мысалы, 19 шілде күні облыс орталығында патрульдік полиция қызметкерлері ВАЗ көлігін мас күйінде басқарған және көлік құралын басқаруға құқығы жоқ 20 жастағы жүргізушіні ұстады. Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін 10 жүргізуші, бағдаршамның тыйым салатын сигналына шыққаны үшін 21 жүргізуші, 19 жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінен өтуді бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Полиция іс-шара апаттық учаскелердегі нарядтарды ұлғайту арқылы қала сыртындағы автожолдардағы жолаушылар мен жүк тасымалы мен жол қауіпсіздігі деңгейін арттыруға бағытталғанын атап өтті. Бұдан басқа, тәртіп сақшылары қосымша қауіпсіздік шараларын қабылдай отырып, апаттық – қауіпті учаскелерге, сондай-ақ мал айдайтын орындарға тексеру жүргізеді.

– Жазғы кезеңде жол-көлік оқиғаларының қаупі автомобиль қозғалысы трафигінің маусымдық ұлғаюына және қала сыртындағы автожолдарда жүрудің жылдамдық режимінің ұлғаюына байланысты артады, – дейді облыстық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Виталий Цой.

Полиция подполковнигі осы айда болған жол-көлік оқиғаларына мысалдар келтірді.

Шілде айының басынан бері облыс аумағында бірнеше ірі ЖКО орын алған. Мәселен, 3 шілдеде Алматы – Екатеринбург автожолының 494 шақырымында 27 жастағы жүргізуші Lada автокөлігін жүргізіп, көлікті жол жиегіне қағып, жол апатынан 3 адам қаза тапты. 8 шілдеде Қостанай-Әулиекөл-Сурган автожолының 134 шақырымында 27 жастағы жүргізуші түнгі уақытта Toyota Alphard автокөлігін басқарып, атпен соқтығысқан. ЖКО салдарынан 2 адам қаза тауып, 4 адам жарақат алды. 17 шілдеде Қостанай-Қарабұтақ автожолында үш адамның өмірін қиған ЖКО орын алды, онда жүргізуші басып озу кезінде жүк автокөлігімен соқтығысқан.

– ЖКО-ның негізгі себептері – жаяу жүргіншілер өткелінен өту ережелері мен маневр жасау ережелерін бұзу. ЖКО басым көпшілігі жүргізушілердің кінәсінен орын алады, – деп атап өтті полицияда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру