Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай полицейлері хабар-ошарсыз кеткен әйелді тапты

Қостанай полицейлері патрульдеу кезінде хабар-ошарсыз кеткен әйелді тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 қарашада Сұлтан Нұрғалиев пен Сұлтан Мнайдаров құрамындағы автопатруль “Қостанай-Мамлютка” А-21 тас жолында кезекшілік етті.

21 шақырым жерде патрульшілер Chevrolet Cobalt автокөлігін тоқтатты. Оны 2 қарашадан бері Қостанай қаласында із-түзсіз жоғалып кеткен әйел басқарған.

40 жастағы жүргізуші көлікті құжатсыз басқарып, Ұзынкөл ауылынан келе жатқан.

Сараптама нәтижелері бойынша әйел көлікті мас күйінде басқарған. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру