Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысында “Заң керуені” акциясы жалғасуда

Ұлытау облысында құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп өңірлерде Заң керуеніакциясы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz

Бас прокуратураның бастамасымен құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп өңірлерде “Заң керуені” акциясы өткізілуде. Бұл акцияның басты мақсаты – жергілікті жерде халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, елдегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту.

3 қарашада Ұлытау облысының Қаражал қаласында аталмыш акция жалғасын тапты. Жергілікті атқарушы органдардың (білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама, ауыл шаруашылығы), прокуратураның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, Экономикалық тергеп-тексеру, Полиция, ҚАЖ, Әділет, Экология, Мемлекеттік кірістер, Табиғи монополияларды реттеу, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау,Ттұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттерінің, Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы, Атамекен ҰКП, “Азаматтарға арналған үкімет” МК” КеАҚ қызметкерлерінен құрылған жұмыс тобы халықтың қойған сауалдарына жауап берді.

Әр саладан қамтылған жұмыс тобының тәжірибелі мамандары қалалық “Мәдениет үйіне” жиылған көпшілік сан алуан сауалдарына жауап алды.

Ұлытау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Сафуан Жампейсов полицияға қатысты сұрақ қоюшыларды жеке қабылдап туындаған мәселелерді мүмкіндігінше шешілуін қамтамасыз етуге күш салды. Кездесуге келген қала тұрғындарымен жеке қабылдау өткізген Сафуан Жампейсов бірнеше сауалдарға жауап берді.

Тұрғындар тарапынан мектептерге полиция инспекторын бөлу, алаяқтың арбауына түскен жәбірленушілер арыздарын айта келді. Полиция департаменті тарапынан Сафуан Ашмұханұлы көтерілген мәселелер бойынша шешімін табуға көмектесіп, жергілікті полиция бөлімінің басшысына нақты тапсырмалар жүктеді. Департамент басшысының орынбасары азаматтарды қабылдауы барысында қылмыстық істердің тергелуі, аудандағы қаңғыбас иттерді аулау бойынша да меселелері де көтерілді. Дер кезінде ашылған қылмыстық істер бойынша жәбірленуші тараптың алғыстары да айтылды.

Азаматтарды жеке сұрақтармен қабылдаудан кейін Сафуан Ашмұханұлы жергілікті полиция бөлімінің басшысына алдына қойылған басты міндеттерді жеткізіп, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, қылмыстың жолын кесу бағытындағы талаптарды жүктеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру