Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық полицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алды

Қостанайлық полицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысының ПД криминалдық полиция қызметкерлері банктің қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, ақпараттық технологиялар саласындағы алаяқтық фактісінің алдын алды. Ақтөбе облысының тұрғынынан дроптың шотына түскен 1 млн теңге уақтылы бұғатталып, шотқа қайтарылды.

– Дроппер – алаяқтардың өз мақсаттарына жету үшін қолданатын адамы. Ол қылмыстың бастамашысы емес, ол сыйақы алу арқылы нұсқауларды орындайды. Дроптар басқа адамдардың ақшасын заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру тәсілдеріне қатысады. Тәсіл өте қарапайым: дропер белгілі бір ақы үшін өзінің банктік картасының мәліметтерін, яғни өзінің жеке кабинетін немесе банктік картасын ұсынады, содан кейін ақшаны оған хабарлаған мекенжай бойынша жібереді. Осылайша, карта қылмыс құралы, ал карта иесі қылмыстық іс бойынша – серіктес, – деді Киберқылмыспен күрес бөлімінің бастығы Олжас Магыпаров.

Полицияның хабарлауынша, қылмыстық іс шеңберінде алаяқтық әрекеттер үшін өз карталарын ұсынған адамның барлық карталарына ақша қаражаттарының қозғалысына шектеу қою туралы қаулы жіберіледі. Сондай-ақ алаяқтық қызмет үшін өз карталарын ұсынған адамдарға қатысты Азаматтық кодекстің 960-бабы “Қайтарылуға жатпайтын негізсіз байлық” бабы көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру