Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу полициясы қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілерді ұстады

Жетісу полициясы қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz

8 қазанға қараған түні облыс орталығында үш белгісіз адам 20 жастағы жергілікті тұрғынға қарақшылық шабуыл жасады. Жігітті ұрып-соғып, оның киімін пышақпен кесіп тастап, күдіктілер жәбірленушінің қымбат телефоны мен банкомат картасын иемденіп алған. Жас жігіттің есепшотынан 306 мың теңге ұрланған. Жәбірленушіге келтірілген жалпы материалдық залал жарты млн теңгеден астам қаражатты құрайды.

ҚР ҚК-нің 192-бабының 2-бөлігінде (Қарақшылық) көзделген қылмыстық іс тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Жетісу облысы ҰҚҚКБ қызметкерлері қылмысқа қатысы бар деген негізді үш күдіктіні анықтай алды. 30 қазан күні ҚР Ұлттық ұланының “Бүркіт” арнайы бөлімшесінің жауынгерлерінің көмегімен күдіктілер ұсталып, қалалық полицияға жеткізіліп қамаққа алынды.

Полиция қызметкерлері қылмыста қолданылған пышақты тауып, тәркіледі. Ол қазір тергеу материалдарына айғақ ретінде тіркелген. Сонымен қатар ұсталғандардың бірі бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру