Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда қоғамдық орында төбелескендер айыппұл арқалады

Атырауда қоғамдық орында төбелескендер айыппұл арқалады, – деп хабарлайды Polisia.kz

30 қазан күні сағат таңғы 05:58 шамасында Жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері Авангард ықшам ауданында орналасқан түнгі клубтардың бірінің алдында екі ер адамның төбелесіп жатқандығын байқаған. Жедел түрде жақын маңдағы патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама беріліп, аталған екі азамат медициналық сараптамаға жеткізілді.

Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша 37 жастағы және 26 жастағы екі азаматтың жеңіл дәрежелі масаң күйде екендігі белгілі болды. 37 және 26 жастағы қала тұрғындарына ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен (Ұсақ бұзақылық) әкімшілік хаттама жасақталды.

Қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзу фактісі бойынша екі азаматқа қатысты сот шешімімен 15 315 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру