Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте бір аптада 237 қылмыс тіркелді

Шымкентте бір аптада 237 қылмыс тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкентте 4 шілде мен 10 шілде аралығында 237 қылмыс тіркелді. Оның ішінде 58 ұрлық, 102 алаяқтық, екі бұзақылық, екі тонау мен екі денсаулыққа ауыр зиян келтіру және үш есірткімен байланысты қылмыс анықталды. Полицейлердің жедел әрекетінің нәтижесінде орын алған қылмыстардың 71,7 пайызы ашылды.

Мәселен, Абай АПБ-ның қызметкерлері жергілікті тұрғындарды алдап соққан алаяқты ұстап, қамауға алды. Өз кезегінде оңай жолмен ақша табуды көздеген азаматша жәбірленушілерге Атамекен бағдарламасы арқылы мемлекет тарапынан қайтарымсыз қаржы алып беруге уәде еткен. Дәл осындай шағыммен күдіктінің үстінен үш тұрғын арызданған.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тіркелді. Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, қылмыскер тұрғылықты мекенжайында ұсталды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, қылмыстардың басым бөлігін құрайтын алаяқтықтың ішінде интернет арқылы жасалатын алаяқтық жайты артып отыр. Соңғы аптада Шымкенттің 14 тұрғыны осы қылмысты кәсіп еткен алаяқтарға алданды. Қазіргі таңда тіркелген істермен жан-жақты тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Ал жол қауіпсіздігі бойынша жалпы тәртіп бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің тиісті баптарымен 5000-ға жуық хаттама толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде: қауіпсіздік белдігін тақпаған – 1064, күн көзінен күңгірттеу бойынша – 142, тізгінде ұялы телефон пайдаланған – 128, мас халде көлік басқарған 6 жүргізуші анықталды. Сондай-ақ, 70 автокөлік айыптұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру