Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада тергеу изоляторына аяқ киімге ақша жасырып өтпек болған әйел ұсталды

Елордада тергеу изоляторына аяқ киімге ақша жасырып өтпек болған әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамауға алынған азаматпен кездесу үшін қоғамдық қорғаушы ретінде келген азаматшаның аяқ киімінен 10 және 20 мың теңге купюрасы табылды.

Осылайша қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сақтауға және пайдалануға тыйым салынған өнімдерді, бұйымдар мен заттарды жеткізу әрекетінің жолы кесілді.

Ж.есімді азаматша өзінің түсіндірмесінде тәркіленген ақша оған тиесілі екенін және оларды қалдыратын жері болмағанын көрсетті.

Аталған факті бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру