Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада қоныс-колониясының сотталғаны шұлық ішіне есірткі жасырған

Елордада қоныс-колониясының сотталғаны шұлық ішіне есірткі жасырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЕЦ-166/10 мекемесінің қызметкерлерімен қала аумағында орналасқан жұмыс орнынан келген жазасын өтеушілерді тексеру кезінде сотталғанның шұлығында жасырылған жалпы салмағы 3,96 грамды құрайтын есірткі табылды.

ЕЦ-166/10 мекемесінің бастығының орынбасары Бағдат Амангельдиновтың айтуы бойынша, мекеме қызметкерлерінің жедел ақпаратының арқасында тағы да бір тыйым салынған затты мекеме аумағына алып кірудің алды алынды.

Аталған дерек бойынша тыйым салынған затты алып кірмек болған азаматтан түсініктеме алынып, оған қатысты ҚР ҚК 296- бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру