Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында магистратураға грантқа түсіріп беремін деп алдаған күдікті ұсталды

Қызылорда облысында магистратураға грантқа түсіріп беремін деп алдаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қызылорда облысы Шиелі ауданы полиция бөліміне жергілікті екі тұрғын арызданған. Күдікті азаматша бір жыл бұрын жәбірленушілердің сеніміне кіріп, жоғарғы оқу орнына түсіріп беремін деп бірінен 600 мың, екіншісінен 800 мың теңге ақшаларын алдап алып кеткен.

Құрылған жедел-тергеу тобымен тұрғындарды алдап кеткен күдікті азаматшаны анықтап, ұстады. Тергеу барысында оның жәбірленушілерден алған қаражаттарын өз пайдасына жаратып жібергені белгілі болды.

Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру