Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте құқық бұзушылыққа бейім 26 жасөспірім есепке алынды

Шымкентте құқық бұзушылыққа бейім 26 жасөспірім есепке алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1-5 қараша аралығында Шымкент қаласы Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері “Түнгі қаладағы балалар” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қала аумағында кәмелет жасына толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болған, ата-анасының бақылауынсыз жүрген балаларды анықтау.

Арнайы рейдтің барысында кәмелет жасына толмағандарға қатысты 392 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 33 жасөспірім – түнгі уақытта ойын-сауық мекемесінде болған, 306 бала – заңды өкілінсіз тұрғын жайдан тыс жерлерде жүрген.

ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша 15 ата-анаға әкімшілік шара көрілді.

Сондай-ақ ойын-сауық мекемелерінің иелеріне ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабымен (Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру) 18 хаттама толтырылды.

Құқық бұзушылыққа бейім 26 жасөспірім және ата-аналық міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін 20 жайсыз отбасы есепке алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру