83 құқық бұзушы жүргізуші куәлігінен айырылды
Павлодар облысында полицейлердің жасырын камерасына түсіп қалған 83 құқық бұзушы жүргізуші куәлігінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігі мәселелерінде, көлік құралдарының қозғалысындағы бұзушылықтарды анықтау үшін Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері жасырын бақылауды жүзеге асырады.
– Патрульдік және күзет қызметінің ұқсас түрі Павлодар қаласында қолданылады, – дейді Жергілікті полиция қызметінің бастығы Ғалым Сарғұлов. Биылғы жылдың басынан бері жасырын патрульдеу көмегімен өрескел заң бұзушылықтарды жасаған 104 жүргізуші анықталды, материал сотқа жолданды, сот шешімімен 83 жүргізуші жүргізуші куәлігінен айырылды.
Полицейлердің түсіндіруінше, жүргізушілер жасаған құқық бұзушылықтардың негізгі түрлері қызыл бағдаршаммен жүру, жаяу жүргіншілерге көлік қозғалысында артықшылықты қамтамасыз етпеу, қозғалыс үшін келе жатқан жолдың қарсы жүріс бөлігіне шығып кету.
– Бұл жеке-дара белгілері жоқ патрульдік көліктер, жарық және дыбыстық сигналдарды жасырын түрде таратуға арналған құрылғылармен, байланыс құралдарымен, мобильді құрылғылармен және басқа арнайы құрылғылармен жабдықталған, – деп қосты тәртіп сақшылары.
Мәселен, Павлодар қаласында Академик Сәтпаев көшесінде төрт жолақты екі жақты жолда келе жатқан «Лада 21703139-23» көлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып кетті. Жүргізуші өзінің әрекеттерімен Жол қозғалысы ережелерінің 9-бөлімінің 2-тармағын бұзды. Осы бұзушылық үшін жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 596-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік материал жасалды. Материал Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қарауына жіберілді. Сот шешімімен жүргізуші алты ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Сот шешімі заңды күшіне енді.Осыған ұқсас құқық бұзушылықты Академик Бектұров көшесіндегі «Kia mohaves» көлігінің жүргізушісі жасаған, сот шешімімен жүргізуші алты ай мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған. Сот шешімі заңды күшіне енді.
Полиция жолды пайдаланушыларға ескертеді, қала ішінде қозғалып жүргеніңізде полиция көлігі мен Жедел басқару орталығының бейне камераларының болмауы, Жол жүру ережелерін бұзу құқығын бермейді, өйткені көлік ағынында арнайы полиция көлігі ереже бұзушылықты тіркей алады.