Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Бұзушылық үшін жауапкершілік барын білмеппін”: полиция 78 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады

Павлодар облысының полицейлері 78 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері Павлодар облысының тұрғындары 78 мыңға жуық түрлі әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берді, бұзушыларға 636 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Сонымен қатар, 20 513 тұрғынға ескерту жасалды, 2590 бұзушыға әкімшілік қамауға алынды.

Статистикаға сәйкес, бес мыңға жуық құқық бұзушы – күшті сусындарды ұнататын немесе қоғамдық орындарда мас болған және абаттандыру ережелерін бұзушылар.

Полицейлер көршілерінің татулығын ескермейтін және шу шығару мен қатты музыканы тыңдауды жөн көретін екі мыңға жуық қылмыскерді анықтады.

Белгіленбеген жерлерде темекі шегу – 1846 адам, иттер мен мысықтарды ұстау ережелерін бұзған – 2525, отбасылық және тұрмыстық қатынастар саласында заңсыз әрекеттер жасаған – 1809, 1600-ден астам кәмелетке толмаған балалар заңды өкілдерінің сүйемелдеуімен түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және үйден тыс жерде болғаны үшін, мас күйінде көлік жүргізгені үшін 734 жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру