Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада полиция вейптерді заңсыз сату фактісін анықтады

Елорда аудандарының бірінде учаскелік полиция инспекторы әкімшілік аумақты аралау барысында электронды темекі құрылғыларын заңсыз сату фактісін анықтады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерінің назарын жас жігіттің күмәнді әрекеті аударған. Ол полиция қызметкерін байқап қалып, бір затты қызға беру кезінде қатты қобалжып бастаған. Тексеру барысында қыздың одан электронды құрылғы — вейп сатып алғаны анықталды.

Жас жігіттің көлігін тексеру кезінде ішінде 120-дан астам электронды темекі өнімі бар екі қорап табылып, тәркіленді.

Анықталғандай, өнімдер “көлік арқылы” сатылған. Тапсырыстар телефон арқылы қабылданып, байланыс нөмірлері таныстар арқылы таратылып, кейін жеткізу жүзеге асырылған.

Тәркіленген барлық өнім жойылатын болады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция электронды темекі құрылғыларын заңсыз сату заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Сонымен қатар вейп қолдану денсаулыққа зиян келтіреді, әсіресе жасөспірімдер мен жастар арасында.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру