Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полиция велосипед пен самокат жүргізушілерін бақылауды күшейтті

СҚО-да полиция велосипед пен самокат жүргізушілерін бақылауды күшейтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Петропавл қаласындағы Қазақстан Конституциясы көшесінің орталық жаяу жүргіншілер аймағында мақсатты рейдтік іс-шараларды күшейтті. Сонымен қатар қаладағы қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдеріне бейнемониторинг жүргізілуде.

Жол жүрісі қағидаларының 24-тарауы 171-тармағының 6-тармақшасына және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабына сәйкес, велосипед немесе электрсамокат жүргізушілері жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолдың жүру бөлігін кесіп өткен кезде көлік құралынан түсіп, оны жетектеп өтуге міндетті. Бұл талапты бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Жолдың жүру бөлігіне 14 жастан бастап тек оң жақ шетпен қозғалуға рұқсат етіледі. Тротуарда жаяу жүргіншілерге кедергі келтіруге болмайды. Сондай-ақ барлық жаяу жүргіншілер өткелдері мен бағдаршаммен реттелетін қиылыстарда міндетті түрде көліктен түсу қажет.

Полиция велосипед және самокат жүргізушілеріне жарық шағылыстырғыш элементтерді, фарды, дыбыстық белгіні, шлем мен қорғаныс құралдарын пайдалануды қатаң түрде ұсынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру