Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да полиция жаяу жүргіншілер арасында профилактикалық жұмысты күшейтуде

ШҚО-да полиция жаяу жүргіншілер арасында профилактикалық жұмысты күшейтуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысының аумағында жаяу жүргіншілер тарапынан жол жүрісі қағидаларын бұзу деректері әлі де тіркеліп отыр. Жыл басынан бері полиция қызметкерлері белгіленбеген жерден жолды кесіп өтудің 1500-ден астам фактісін анықтады.

Мұндай құқықбұзушылықтар тек жаяу жүргіншілердің өздеріне ғана емес, жол қозғалысының басқа да қатысушыларына елеулі қауіп төндіреді. Көп жағдайда жүргізушілер дер кезінде әрекет ете алмай, салдарынан ауыр зардаптарға әкелетін жол-көлік оқиғалары орын алуы мүмкін.

Осыған байланысты полиция тек құқықбұзушылықтарды анықтап, жауапкершілікке тартумен шектелмей, профилактикалық жұмысты да күшейтуде. Қызметкерлер жаяу жүргіншілермен түсіндіру әңгімелерін жүргізіп, профилактикалық акциялар ұйымдастыруда, сондай-ақ көлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысы қарқынды аймақтарда күнделікті патрульдік бақылау жүргізуде.

ШҚО полиция департаменті өңір тұрғындарын қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады: жолды тек жаяу жүргіншілер өткелі арқылы кесіп өту, бағдаршам сигналдарына назар аудару, жолдан өту кезінде ұялы телефон мен құлаққапқа алаңдамау, сондай-ақ қараңғы уақытта жарық шағылыстырғыш элементтерді пайдалану қажет екенін ескертеді.

Жол жүрісі қағидаларын сақтау — барлық жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі мен өмірін қорғаудың басты кепілі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру