Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері шетелден үш жыл бойы алимент төлемеген борышкерді іздеді

СҚО полицейлері шетелден үш жыл бойы алимент төлемеген борышкерді іздеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында ұлын күтімсіз қалдырған Әзірбайжан азаматы 2019 жылдан мемлекетаралық іздеуде болған. СҚО ПД көші-қон қызметкерлеріндегі іздеудегінің РФ аумағында болуы мүмкін деген мәлімет расталмады. Кейін оның отанына оралғаны жайлы ақпарат табылды. Әзірбайжан Республикасының ішкі істер органдарымен байланысып, солтүстікқазақстандық полицейлер оның жүрген жерін анықтады. Жауапсыз әкеге қатысты жиналған материал жеке сот орындаушыларына тапсырылды.

– Іздестіру ісі борышкерлерді іздеу жөніндегі акция кезеңінде жабылды, – деп хабарлайды СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов. — Облыста акция 15 – 17 қыркүйек аралығында өтті. Екі күнде іздеуде жүрген 15 адам анықталды, оның ішінде екеуі туыстық байланысын жоғалтқандар, үш борышкер мен 10 алимент төлемеуші. Барлығы акцияф басында өндірісте 80 іздестіру ісі болған. Оның 28-і борышкер, 31 алимент төлемеуші және 21 адам туыстық байланысын жоғалтқандар. Оларды анықтау бойынша барлық полиция бөліністерімен іс-қимыл жасалуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру