Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттікті тонап кеткен екеу қолға түсті

Шымкенттікті тонап кеткен екеу қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 қыркүйек Әл-Фараби АПБ-на Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында көше бойында өзіне бұрын-соңды таныс емес екі белгісіз адам өздерінің автокөліктері бұзылып тұрғандығын айтып, жақын маңда орналасқан көпқабатты үйлердің ауласына кіргізіп, күш қолданып, құны 70 мың теңге тұратын ОРРО маркалы ұялы телефонын және әмиянын алып кеткенін көрсеткен.

Әл-Фараби АПБ КПБ қызметкерлерімен жедел-іздестріу іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының екі тұрғыны анықталып, жеткізілді. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру