92 жастағы зейнеткер СҚО полицейлеріне алғысын білдірді
92 жастағы зейнеткер әже СҚО полицейлеріне алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаровтың жеке қабылдауында солтүстікқазақстандық полицейлерге кезекті алғыс келіп түсті. 92 жастағы қалалық әжей сәуір айының басында зейнетақысын алып, санаған кезінде купюралардан жаңылысып, айтарлықтай сомасы жетпей тұр деп шешкен.
Көшеде кетіп бара жатқан полиция автокөлігін тоқтатып, көмек сұраған.Облыстық полиция ведомствосының Жергілікті полиция қызметі басқармасы құрамындағы іздестіру тобының қызметкерлері Алексей Морев пен Олжас Қамалиев мұқият тыңдап, әжеймен банк бөлімшесіне келіп жағдайды кассирге айтып түсіндіреді. Кассир, өз кезегінде, келеңсіз жағдайды түсіндіріп береді. Қарт әжей барлығынан кешірім сұраған, кейін бірнеше күн өткен соң тәртіп сақшыларына алғысын білдіру үшін қабылдауға жазылады.
– Полициядан өзге кім көмектесетін еді?- дейді зейнеткер. – Жұбатып, барлық мән-жайды түсіндірген соң, үйге жеткізіп салды да, әрі қарай өз қызметтерін атқаруға кетті. Сіздерде осындай қайырымды жігіттердің қызмет атқаратынына ризашылығымды білдіремін.
– Оқыс жағдай ретінде кейін еске түсетін қателіктер мен келеңсіз оқиғалар – күнделікті тіршіліктің бір бөлігі, – дейді Руслан Назаров. Қызметкерлер қызметтік жұмыстарына тікелей қатысты емес жағдайлармен жиі ұшырасып тұрады. Адамның полиция қатарында жұмыс істеуге жарамдылығын немқұрайлылық танытпау, әркез қол ұшын созуға дайын болу, кез келген мәселені шешу сияқты қасиеттер көрсетеді. Қоғамның нысанды киімдегі адамға сенімі – полиция реформаларының көздеген мақсаты да осы.