Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда адам тонаған күдікті ұсталды

Теміртауда адам тонаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 наурызда 26 жастағы қала тұрғыны Қарағанды облысы Теміртау қаласы ПБ Шығыс полиция бөліміне хабарласып, таңертең жұмысқа бара жатқанда, белгісіз біреу оған шабуыл жасап, алтын сырғаларын тартып алып кеткен. Шығын мөлшері 70 мың теңгені құрайды.

Жәбірленуші әйел шабуылдаушының 30-35 жас аралығындағы адам екендігін айтып, сыртқы белгілерін сипаттады.

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

18 сәуірде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті ретінде 32 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Күдіктінің тағы да осындай қылмысқа қатысы бар екендігі анықталды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру