Түркістанда 20 млн несие алып беремін деп тұрғынды алдаған ер адам ұсталды
Түркістанда 20 млн несие алып беремін деп тұрғынды алдаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кентау ҚПБ-ға алаяқтың құрбаны болған жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, танысы 20 миллион теңге несие алып беремін деп алаяқтық жолмен 150 мың теңге ақшасын алған. Келісілген уақытта хабар келмеген соң, өзі сұрамақ болып, қоңырау шалған. Алайда одан ешқандай жауап болмаған соң, полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген.
Орын алған алаяқтық қылмысы бойынша полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, осы қылмысқа күдікті ретінде жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды. Полицейлер күдіктіні қалалық полиция бөліміне жеткізді.
Анықталғандай, ер адам жәбірленушінің сырттай танысы бір ай ішінде 20 миллион несие алып беретінін айтып сендірген. Осылайша, күдікті пайдакүнемдік ниетпен алынған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап жібергені белгілі болды. Қазіргі таңда ұсталған ер адамға қатысты тергеу амалдары жүруде.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.