Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарандық ер адам гаражды бұзып кіріп, көлік саймандарын ұрлап кетті

Сарандық ер адам гаражды бұзып кіріп, көлік саймандарын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 қарашада Қарағанды облысы Саран қаласының полиция бөліміне 61 жастағы қала тұрғыны хабарласқан. Зейнеткер белгісіз біреу гаражға кіріп, көліктің қосалқы бөлшектерін ұрлағанын айтты. Келтірілген шығын көлемі 2 млн. 115 мың теңгені құрады.

Ұры қақпаның құлпын ашпай, гараждың қабырғасын бұзып кірген. Сол жердегі қымбат көлікті талқандап, саймандарды бөлшектеп тастаған. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

29 қарашада полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті – 30 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті кінәсін мойындады. Айғақты заттар алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Сот күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру