Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Stop-трафик» ЖПІШ қорытындысы: ШҚО-да 5 притон анықталды

Шығыс Қазақстан облысында бес притон анықталды, 17 адам есепке қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс аумағында ағымдағы жылдың 22 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында «Stop-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Оның негізгі мақсаты – жеңгетайлық пен притон ұйымдастырудың жолын кесу, жезөкшелікпен айналысатын адамдарды анықтау және оларды орталықтандырылған есепке қою.

Шара барысында тәртіп сақшылары пәтерлерді жалға беретін ойын-сауық орындарын, монша кешендерін, сауналарды, қонақ үйлерді тексерді.

Жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу кезеңінде Өскемен және Семей қалаларындағы монша кешендері әкімшілерінің жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұстауының және жеңгетайлықтың бес фактісі анықталды. Олар бойынша қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 309-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, кінәлілер өз кінәларын мойындады, енді олар бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Рейдтік іс-шаралар барысында ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 1-бөлігі (Қоғамдық орындарда тиісу) 46 факті және ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы (Жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар беру) бойынша екі факті анықталды, олардың барлығы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Профилактикалық есепке 17 адам қойылды: жеңгетай санаты бойынша үш адам, жезөкше санаты бойынша 14 адам.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру