Теміртауда несие ұйымының менеджері 10 адамның атынан несие рәсімдеген
Теміртауда несие ұйымының менеджері 10 адамның атынан несие рәсімдеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Теміртау қаласының тұрғындарына несие беретін шағын несие ұйымының менеджері млн теңгеге жуық қаражатты заңсыз иемденген.
6 желтоқсанда Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне шағын несие ұйымдарының бірінің директоры арызданған. Белгілі болғандай, қала тұрғындары бұл қаржы мекемесіне заңсыз несие алды деген шағыммен хабарласа бастаған.
Полицейлер бұл фактілерге шағын несие ұйымының 27 жастағы менеджерінің қатысы барын анықтады. Күдікті кінәсін мойындады.
Күдікті оннан астам несиені заңсыз рәсімдеген болып шықты. Шығынның жалпы сомасы млн теңгеге жуықтады.