Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде есірткі қойып кетуші ұсталды

Өскеменде есірткі қойып кетуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі сатқаны үшін іздестіріліп жатқан адам Өскеменде есірткі қойып кетумен айналысқан.

Ағымдағы жылдың желтоқсан айының басында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел қызметкерлеріне Солтүстік Қазақстан облысының 24 жастағы тұрғыны Өскемен қаласында есірткіні қойып кету арқылы синтетикалық есірткі құралдарын заңсыз өткізумен айналысатыны туралы ақпарат келіп түсті.

Тексеріс кезінде ақпарат өз растауын тапты. Аталған азамат ұсталды. Жеке тінту барысында одан жалпы салмағы 9,2792 грамм болатын «альфа-pvp» психотроптық заты болып табылатын изолентамен оралған 13 түйір ұнтақ түріндегі зат табылып, тәркіленді.

Бұдан басқа, аталған азамат ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша есірткі заттарын өткізгені, яғни Петропавл қаласында жасаған аса ауыр қылмыс үшін 2021 жылдың маусымнан бастап қылмыстық  жауапкершіліктен жалтарып жүргені анықталды. Ер адам Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында жасырынып, өзінің қылмыстық әрекетін жалғастырып, синтетикалық есірткі заттарын таратқан.

– Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, ҚР ҚК-нің 297 – бабы 3-бөлігіне сәйкес  аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау, тасымалдау бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Осы баптың санкциясы 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру