Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Дүкендерде жалған чекпен төлем жасаған ақмолалық анықтылды

Дүкендерде жалған чекпен төлем жасаған ақмолалық анықтылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10-11 желтоқсан аралығында Бурабай ауданының полиция бөлімінің кезекші бөліміне Щучинск қаласының түрлі сауда орындарының иелерінен екі өтініш келіп түсті.

Жәбірленушілер қазаннан желтоқсанға дейін белгісіз біреу сатып алынған тауар үшін төлем туралы жалған чектер ұсынғанын хабарлады. Залалдың жалпы сомасы 44 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтады, ол Щучинск қаласының 28 жастағы тұрғыны болып шықты.

Қаскүнемнің айтуынша, осы дүкендерде алғашқы сатып алғаннан кейін, ол электронды чекті фоторедакторды қолданып, сома мөлшері мен төлем күнін өзгерткен және кейінірек сол сауда орындарында жалған чек бойынша төлем жасаған.

Екі факті бойынша Бурабай АПБ тергеу бөлімі ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру