Атыраулық полицейлер тұрғылықты жері жоқ адамдарды қабылдап-тарату орнына жеткізді
Атыраулық полицейлер тұрғылықты жері жоқ адамдарды қабылдап-тарату орнына жеткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Күн суытқанда атыраулық учаскелік полиция инспекторлары қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдардың болуы мүмкін жерлерді тексереді. Оның ішінде жылу трассалары, жертөлелер, қараусыз қалған саяжай үйлері және басқа да орындар түгел қаралады. Сақшылардың басты міндеті – үй-күйсіз жүрген азаматтардың күн суықта үсіп қалуын болдырмау.
Осындай рейдтік іс-шаралардың бірін өткізу кезінде №2 учаскелік полиция бекетінің қызметкерлері Махамбет көшесінде орналасқан кәріз құдығының ішінен 50 жастағы тұрғылықты мекенжайы жоқ адамды тапты. Сондай-ақ №4 учаскелік полиция бекетінің учаскелік полиция инспекторлары Лесхоз мөлтек ауданында орналасқан үйлердің бірінің жертөлесінен 56 жастағы тұрғылықты жері жоқ адамды анықтап, Атырау қаласы Полиция басқармасының қабылдау-тарату орнына орналастырды.
Айта кетейік, жыл басынан бері учаскелік полиция қызметкерлерімен қабылдап-тарату орнына тұрғылықты мекенжайы жоқ 120-ға жуық адам жеткізілген.