Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай академиясында Ғазиз Байтасов атындағы дәріс залы ашылды

Еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасов атындағы дәріс залы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атаулы залдың салтанатты ашылуына Ғ. Байтасовтың ұлы Арманжан Әбдібеков келді. Іс-шараның құрметті қонағы облыстық ПД бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев болды.

Халық қаһарманының ұлы өз сөзінде басқа адамдардың өмірін сақтап қалу үшін өзін құрбан еткен әкесінің және басқа да полицейлердің ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын атап өтіп, Академия түлектерінің Отанға адал және кәсіби қызмет ететініне сенім білдірді.

– Мен алғаш рет Қостанай қаласына келдім. Академия басшылығы мен ұжымына дәл осы жерде менің әкемнің есіміне арналған дәріс залының ашылғанына алғысымды білдіргім келеді, – деді Арманжан Әбдібеков.


Өз кезегінде Қостанай академиясының бастығы Нұрлан Биекенов дәріс залы еліміздегі ІІО әкімшілік қызмет кафедрасының курсанттары мен тыңдаушылары оқитын жалғыз зал екенін айтты. Ғазиз Байтасов атындағы аудиториядағы сабақтар курсанттарға патриоттық тәрбие беруге, олардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға қызмет етеді.

Іс-шара барысында қатысушылар қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Сондай-ақ қонаққа ҚАЖ кешенінді оқу полигоны мен “Полиция бөлімі” полигоны көрсетілді.

Арманжан Әбдібеков Қостанай академиясының қызметкерлеріне әкесін еске алуға арналған қоғамдық іс-шараға шақырғаны үшін алғысын білдірді.

– Әкемнің қазасынан бері көптеген жылдар өтті. Ол өз міндетін адал орындай отырып, ерлікпен қайтыс болды. Әкемнің бұл ерлігі ел есінде мәңгі қалмақ, – деді ол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру